Қарағанды қалалық Мәслихаты
Официальный интернет-ресурс

«Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі


Қарағанды қалалық мәслихатының
 2016 жылғы 12 шілде III
 сессиясының № 23 шешімімен
 бекітілген

«Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қарағанды қалалық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды қалалық мәслихаты хатшысының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 100012, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бейбітшілік бульвары, 39.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат Карагадинского городского маслихата».
11. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Мәслихат аппаратының миссиясы: Қарағанды қалалық мәслихатының тиімді қызметін қамтамасыз ету.
15. Міндеттері: қалалық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыру, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету.
16. Функциялары:
1) қалалық мәслихаттың сессияларын және тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қамтамасыз етуді қалалық мәслихаттың Регламентіне сәйкес жүзеге асырады;
2) депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелерге байланысты шешім жобаларымен және тиісті құжаттармен қамтамасыз етеді;
3) тұрақты комиссиялардың ұсыныстарының негізінде қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарларының жобаларын және оның атқарған жұмыстары жөніндегі есептерін дайындайды;
4) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін түсініктемелік және әдістемелік көмек көрсетеді, олардың сауалдары мен ұсыныстарының, сын-пікірлерінің уақытылы қаралуын және орындалуын бақылайды;
5) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында енгізген ұсыныстары мен ескертпелерін есепке алады, талдау жасайды және оларды жүзеге асыруға арналған ic-шаралар жасайды және орындалуын қадағалайды;
6) сессияларда қаралатын мәселелердің тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқылануын ұйымдастырады, депутаттарға шешімдер жобалары мен қорытындыларының сапалы дайындалуын қамтамасыз етуде көмек көрсетеді;
7) қалалық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдайды;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен қалалық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етеді;
9) қалалық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарының тиісті органдарға жолдануын қамтамасыз етеді;
10) қалалық мәслихаттың сессиялары мен оның басқа да органдары отырыстарының стенограммаларын, хаттамаларын жүргізеді.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) қалалық мәслихаттың жоспарланған сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссияларының отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрау;
2) депутаттық сауалдардың және депутаттық ұсыныстардың мерзімінде қаралуын және орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға және мекемелерге сұраулар жолдау;
3) қалалық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
4) қалалық мәслихатқа жолданған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
5) қалалық мәслихаттың сессияларының және тұрақты комиссияларының отырыстары хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Мәслихат аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болатын, қалалық мәслихаттың хатшысы мәслихат аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады.
19. Қалалық мәслихаттың хатшысын сессияда депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
20. Қалалық мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
21. Қалалық мәслихат хатшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банктік шоттарды ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер шығарады және нұсқаулар береді;
8) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, мемлекеттік мекеменің қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) мемлекеттік мекеменің қызметшiлерiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
10) қалалық мәслихат аппараты басшысының міндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды;
11) мәслихаттың сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
12) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихаттың сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмыстарға қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
13) депутаттардың сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
14) депутаттардың сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
15) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
16) мәслихаттың тұрақты комиссияларын үйлестiреді;
17) мәслихаттың шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және қалалық мәслихатпен өзіне жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихаттың тұрақты комиссиялары бiрiнiң төрағасы немесе мәслихаттың депутаты уақытша жүзеге асырады.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкi

22. Мекеменің жедел басқаруында дербес мүлкі болады. Мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктен қалыптасады, негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ құны мекеменің дербес теңгерімінде  көрсетілетін басқа да мүліктен тұрады.
23. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Мекеме мүлікке өз қызметінің мақсаттары мен мүліктің қолданысына жедел басқару құқында ие болып, пайдаланады. Ол пайдалануға берілген мүлікті өз ыхтиярымен басқа біреулерге беруге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады


Последнее редактирование информации: 28 Сентября 2018 14:53

Халық пiкiрi

Сізді қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) қызмет көрсету сапасы қанағаттандырады ма?
© 2007-2016 Ақпараттық портал Қарағанды қалалық мәслихаты
© 2017Сайтты әзірлеген және қолдау көрсеткен: Интернет-компания «Creatida»
Қарағанды қ., Проспект
Нұрсұлтан Назарбаев , 39А
Сенім телефоны
8 7212 40 28 88
Электрондық пошта info@kargormaslihat.gov.kz