Қарағанды қалалық Мәслихаты
Официальный интернет-ресурс

Қалалық мәслихаттың жаңалықтары

01.09.2019
Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Қ. Б. Бексұлтанов «Панель-центр» ықшамауданында №103 жаңа мектеп-лицейінің ашылуына қатысты.

Қарағанды қаласында  Білім күнінде жаңа №103 мектеп-лицейі ашылды. Заманауи оқу орны «Панель-центр»  ықшамауданында осы аудан тұрғындарының сұранысын қамтамасыз ету үшін салынды. 1 қыркүйекте 32 сынып ашылды, олардың 20 - ы қазақ сыныптары, 12 - сі орыс сыныптары. Мұғалімдер штаты толық жинақталған.

103-ші мектеп-лицейдің директоры Рахат Қазтаевтың айтуынша, оқу орнында балалар өз қолдарымен жиналған ұшу аппараттарын сынай алатын облыстағы жалғыз картодром - алаң жабдықталды.

Жас шеберлер үшін лазерлік-оймалау станогы сатып алынды. Мектептің оқыту бағыты  химия-биологиялық және жаратылыстану-математикалық болады.

Орта буын үшін қосымша 7 IT-сыныптар ашылады. Мектеп басшылығы ЖОО-мен меморандумға қол қойды, оның аясында университет оқытушылары оқушыларға дәріс оқиды. Қызығушылықтары бойынша тегін секциялар мен үйірмелер, сонымен қатар ұзартылған күн тобы ұйымдастырылды. Жаңашылдық ата-аналарға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы болып табылады. Холда компьютерлер орнатылған, мұнда әркім қажетті анықтаманы өзі ала алады.


Вернуться назад

Халық пiкiрi

Устраивает ли Вас качество обслуживания в городском общественном транспорте (кроме такси)?
© 2007-2016 Ақпараттық портал Қарағанды қалалық мәслихаты
© 2017Сайтты әзірлеген және қолдау көрсеткен: Интернет-компания «Creatida»
Қарағанды қ., Бейбітшілік
бульвары, 39А
Сенім телефоны
8 7212 40 28 88
Электрондық пошта info@kargormaslihat.gov.kz