Қарағанды қалалық Мәслихаты
Официальный интернет-ресурс

Қалалық мәслихаттың жаңалықтары

16.10.2019
Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті сессиясына дайындық аясында «2019 жылы Қарағанды қаласының автомобиль жолдарын жөндеу қорытындылары туралы» мәселесі бойынша Төлеген Әшімовтің төрағалығымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Ағымдағы жылы қалалық мәслихаттың уақытша комиссиясының мүшелері 2016-2018 жылдары жөнделген және кепілдік міндеттемелер аясында тұрған, сондай-ақ 2019 жылы жөнделген Қарағанды қаласының 53 автомобиль жолдарының орташа жөндеуін визуалды тексеру үшін комиссиялық шығуды жүзеге асырды.

Комиссиялық орынға шығу қорытындыларын,  осы мәселені тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқылануын ескере отырып, Қарағанды қалалық мәслихаты Қарағанды қаласының әкімдігіне төмендегілерді ұсынды:

- Қарағанды қаласы тұрғындарының, Қарағанды қалалық мәслихаты депутаттарының, сондай-ақ қаланың Қоғамдық кеңесінің жөндеу жұмыстарын орындаудың қоғамдық мониторингі барысында анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарын ескеру;

- жолдардың қабыпшақтануы, жарылуы, шұңқырлануы және шөгіу бойынша анықталған кемшіліктерді шұғыл жою;

- тиісті түрде шарттық міндеттемелерді орындамаған мердігерлерге қатысты оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап-арыз жұмысын жүргізу.


Вернуться назад

Халық пiкiрi

Устраивает ли Вас качество обслуживания в городском общественном транспорте (кроме такси)?
© 2007-2016 Ақпараттық портал Қарағанды қалалық мәслихаты
© 2017Сайтты әзірлеген және қолдау көрсеткен: Интернет-компания «Creatida»
Қарағанды қ., Проспект
Нұрсұлтан Назарбаев , 39А
Сенім телефоны
8 7212 40 28 88
Электрондық пошта info@kargormaslihat.gov.kz