Қарағанды қалалық Мәслихаты
Официальный интернет-ресурс

Қалалық мәслихаттың жаңалықтары

17.10.2019
2019 жылғы 17 қазанда депутаттар «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бағдарлама әкімшісі саябақты абаттандыру бойынша аяқталған жөндеу жұмыстарымен танысу үшін Орталық мәдениет және демалыс саябағына қайта шықты.

Депутаттар аяқталған жөндеу жұмыстарының сапасымен танысты. 2017 жылдан бастап Қарағанды орталық паркінің батыс бөлігін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қайта жаңарту мен абаттандырудың жалпы алаңы 36 гектарды құрайды. Осы жылы суықтың алдында «СапаЖолСтрой»  ЖШС мердігерлік ұйымы Орталық саябақтың батыс бөлігін абаттандыру бойынша соңғы жөндеу жұмыстарын аяқтауда. Орталық саябақтың батыс бөлігі әлдеқайда өзгерді. Жаяу жүргіншілер мен жүгіру жолдары, орындықтар мен урналар, заманауи балалар алаңдары пайда болды. Сапар барысында жүргізілген жұмыстың сапасын бағалай отырып, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары Тапсырыс берушіге Ержанов көшесі жағынан автотұрақ мәселесін шешуді ұсынды.

Сонымен қатар аз мобильді топтарға арналған санитарлық торапты сәйкестікке келтіру, пандус орнату, жиектастардың опырылуын алдын алу ұсынылды. Бүгінгі таңда сяабақты бейнебақылаумен жабдықтау шешілмеген. Ол парктің барлық аумағында жоқ.

депутаттар бұрын 2017 және 2018 жылдары паркте жүргізілген жұмыстардың сапасын тексергенін айта кету керек. Ол кезде мердігер айтылған ескертулерді ескерді және ішінара түзетті. Депутаттардың барлық ұсыныстарын ескере отырып, мердігер 2019 жылдың қазан айында орталық саябақтың батыс бөлігін қайта жаңарту жұмыстарын тапсыруға міндеттенді.


Вернуться назад

Халық пiкiрi

Устраивает ли Вас качество обслуживания в городском общественном транспорте (кроме такси)?
© 2007-2016 Ақпараттық портал Қарағанды қалалық мәслихаты
© 2017Сайтты әзірлеген және қолдау көрсеткен: Интернет-компания «Creatida»
Қарағанды қ., Проспект
Нұрсұлтан Назарбаев , 39А
Сенім телефоны
8 7212 40 28 88
Электрондық пошта info@kargormaslihat.gov.kz