Қарағанды қалалық Мәслихаты
Официальный интернет-ресурс

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы туралы мәлімет


 


Бексултанов Кудайберген

1956 жылы 17 қаңтарда   Қарағанды облысының Нұра ауданының Шахтер ауылында дүниеге келген.  Ұлты – қазақ.

Екі жоғары білімі бар, «тарихшы, тарих және әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін және «құқықтану» мамандығы бойынша «Болашақ» Қарағанды университетін бітірген.

Еңбек жолын 1976 жылы 10-шы Қарағанды дистанциясының дефектоскоптық арбаша  операторының  көмекшісі болып бастады.

1978-1988 жылдары - №139 ОКТУ, №30 ОКТУ өндірістік оқыту шебері.

1988-1999 жылдары -  №26 ОКТУ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 1993 жылдан бастап Қарағанды облыстық халыққа білім беру бөлімінің №26 ОКТУ директоры.

1999-2011 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және хатшысы болып сайланды.

2011 жылдың қараша айында Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдың наурыз айында Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және бірінші ұйымдастыру сессиясында Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы болып қайта сайланды.

Құдайберген Бексұлтановтың бастамасымен 2006 жылы Қарағанды қалалық мәслихаты жанында қаланың жергілікті өкілді және атқарушы билігі мен азаматтық қоғам арасындағы диалог алаңы ретінде Қоғамдық сенім комитеті құрылды.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің құрамына енгізілді.

2019 жылдан бастап Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы болып табылады.

Қарағанды облысы бойынша үстел теннисі федерациясының мүшесі.

 Экономиканы дамытуға, әлеуметтік салаға сіңірген еңбегі, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі - Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен,  Отандық экономика жүйесін жетілдіруге бағытталған белсенді қызметі үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

II, III, IV, VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және хатшысы болып сайланған.

VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

Үйленген, үш баласы бар.

 

 


Последнее редактирование информации: 18 Февраля 2021 11:47

Халық пiкiрi

Сізді қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) қызмет көрсету сапасы қанағаттандырады ма?
© 2007-2016 Ақпараттық портал Қарағанды қалалық мәслихаты
© 2017Сайтты әзірлеген және қолдау көрсеткен: Интернет-компания «Creatida»
Қарағанды қ., Проспект
Нұрсұлтан Назарбаев , 39А
Сенім телефоны
8 7212 40 28 88