
- Мәслихат
- Мәслихаттың шешімдері
- Жалпы ережелер
- Мәслихаттың актiлерi
- Мәслихаттардың құзыретi
- Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi
- Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
- Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi
- Мәслихаттар мен әкiмдiктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер
- Мәслихаттарды құру тәртiбi
- Мәслихат сессияларын өткізу тәртібі
- Тұрақты комиссиялар
- Мәслихат сессиясының төрағасы
- Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар
- Мәслихат регламентi
- Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті
- Мәслихаттың хатшысы
- Мәслихат депутаты
- Мәслихат аппараты
- Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
- Байланыс ақпарат
- Мемлекеттік қызмет
- Медиагалерея
- Мұрағат
- Қалалық мәслихаттың жаңалықтары
- Қарағанды қаласының кұрметті азаматтары
- Атқарушы билік органдарының басшылары
- Мемлекеттік сатып алулар
- Жол жүру сызбасы
- Хабарландыру
II шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары
- Главная
- Мәслихат депутаты
- Алдыңғы шақырылған депутаттар
- II шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары
-
ещё
Алексеенко Михаил Павлович

1966 жылдан 1974 жылға дейін «Октябрь революциясының 50 жылдығы» атындағы № 38 және № 22 шахталарында, тау-кен шебері, комсомол комитетінің хатшысы болып еңбек етті.
1991-1992 жж. – Қарағанды облыстық атқару комитетінің аймақтық басқармасының сектор меңгерушісі. 1992-1997 жж. – аппарат басшысының орынбасары болып қызмет етті.
1993 жылдан 1997 жылға дейін Қарағанды қаласы Кеңес ауданының басшысы, содан кейін әкімі. 1997 жылдан 1999 жылға дейін Қарағанды қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.
«Құрмет белгісі» орденімен, төрт медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасымен, II дәрежелі «Шахтер Даңқы» медалімен марапатталған.
Асанов Бауыржан Қоңырбайұлы

Орта мектепті бітіргеннен соң Мәскеу малдәрігерлік академиясына оқуға түсті.
1992 жылы Мәскеу малдәрігерлік академияны бітіргеннен кейін, еңбек жолын Қарағанды ет комбинатында бастап, аталған кәсіпорын жабылғанша мастер болып жұмыс істеді.
1995 жылдан бастап – «АЗиЯ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры болып қызмет етеді.
Бексұлтанов Құдайберген

1976 жылы № 139-шы орта кәсіби техникалық училищесін бітірді
1976 жылдан 1978 жылға дейін – 10-шы Қарағанды дистанциясының ақаутапқы арба операторының көмекшісі болып қызмет етті.
1978 жылдан 1984 жылға дейін – № 139-шы орта кәсіби техникалық училищесінің өндірістік оқытудың шебері.
1984 жылдан 1988 жылға дейін - № 30-шы орта кәсіби техникалық училищесінің өндірістік оқытудың шебері.
1988 жылдан 1993 жылға дейін - № 26-шы орта кәсіби техникалық училищесі директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары.
1993 жылдан 1999 жылға дейін - № 26-шы кәсіби техникалық мектептің директоры.
2002 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің құрамына кіргізілді.
1999 жылдан 2003 жылға дейін – II шақырылған қалалық мәслихат хатшысы.
2003 жылдан бүгінгі уақытқа дейін – III шақырылған қалалық мәслихат хатшысы.
2003 жылдың 9 қаңтарында облыстық үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды.
2004 жылдың 13 тамызында Қарағанды қалалық «Отан» Республикалық саяси партиясының бірінші конференциясында «Отан» Республикалық саяси партиясының қалалық партия ұйымының төрағасы болып сайланды.
Болотина Наталья Ивановна

1970 жылдан бастап 1980 жылға дейін – мектепте оқу.
1980 жылдан 1985 жылға дейін – Қарағанды политехникалық институтында оқу.
1985 жылдан 1995 жылға дейін – «Гипрокөміркенмаш» жобалау ғылыми-зерттеу институтында инженері.
1985 жылдан – Октябрь аудандық ӨОК директордың өндіріс жөніндегі орынбасары.
1997 жылы ӨОК таратылуына байланысты № 74 орта мектепте жұмысқа ауыстырылды.
Қазіргі уақытта «Отан» Республикалық саяси партиясының Қарағанды партиялық ұйымы төрағасының орынбасары болып қызмет етеді.
Волошин Николай Васильевич

1977 жылы Қарағанды қаласының № 97 орта мектебін бітірді.
1979 жылдан 1982 жылға дейін Қарағанды облысының ішкі істер органдарында қызмет етті.
1982 жылдан 1988 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыды.
1988 жылдан 1998 жылға дейін «Фотоиздатсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорының орынбасары болды.
1999 жылдан бүгінгі күнге дейін «Благотворительный ритуальный фонд» қоғамдық қорының директоры.
2004 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде екінші мамандық алды.
Елизарова Валентина Петровна

2003 жылдан Қазақ ақпарат агенттігінің Қарағанды облысы бойынша жеке корреспонденті.
«Кәсіпкерлігі және батылдығы үшін» номинациясында Қарағанды облысы журналистерінің шығармашылық сайысының лауреаты. Қарағанды облысы әкімінің «жаңа қазақстандық қоғамды құруға қосқан шығармашылық және еңбектік жеке үлесі және облыстың қоғамдық – саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін» мақтау қағазымен марапатталған.
Есқазин Мәлік Садықұлы

1975 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген.
Институтты бітірген соң шахтада таукен инженері, содан кейін Қарағанды ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
1993 ж. – Қарағанды қаласының өнеркәсіптік өндірістік Ассоциациасының вице-президенті.
1994 жылы Қарағанды қаласы Ленин ауданының әкімшілігінің басы болып тағайындалды.
1996 жылдан – Қарағанды облысы монополияға қарсы комитетінің бастығы.
1999-2001 ж. – аралығында «Сары-Арқа» сауда комплексінің директоры. 2001 жылдан бүгінгі күнге дейін – «Қазақтелеком» ААҚ Қарағанды облысы филиалында бөлім бастығы.
Аризона штатының Туссон қаласының құрметті азаматы.
Иванина Наталья Ивановна

1966-1972 жж. – И.Е. Репин атындағы Ленинградтың кескіндеме, мүсін және сәулет институтында оқыды.
1975 жылы Қазақстан суретшілер одағының Қарағандылық ұйымының шақыруымен Қарағанды қаласына көшіп келіп, өнертанушы, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.
1987 жылдан 1994 жылға дейін облыстық бейнелеу өнер мұражайының директоры болды. 1994-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің көркемдік көрме дирекциясының Қарағандылық филиалының бас ғылыми қызметкері.
1997 жылдан 2001 жыл аралығында - «Эврика» жеке меншік мектебінің көркемдік өнер оқытушысы және Жастар эстетикалық орталығының жетекшісі.
2002 жылдан бүгінгі күнге дейін – Қазақстан суретшілер одағы Қарағанды облыстық ұйымының жауапты хатшысы-референт.
Ивченко Геннадий Иванович

1970 жылы № 18 орта мектепті бітірді.
1971 жылдан 1973 жылға дейін – Кеңес Әскері қатарында борышын өтеген.
1974 жылдан – № 2 КГУ-сінде өндірістік оқыту шебері, Қарағанды политехникалық институтының кешкі бөлімінің студенті.
1985 жылдан – КСМК зауытында жұмыс істеген.
1986 жылдан – «Карагандапромстрой» тресінде жұмыс істеген.
1987 жылдан – № 20 ОКТУ-сінде өндірістік оқыту шебері, 1988 жылдан – оқу-тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары.
1991 жылдан бүгінгі күнге дейін № 1 кәсіби мектебінің директоры.
Идрисова Сара Башуқызы

1966 жылы Көкшетау облысының Щучинск қаласындағы № 30 орта мектепті бітірген.
1968 жылдан 1973 жылға дейін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқу.
Оқуды бітіргеннен кейін Қарағанды мемлекеттік университетінің аспирантурасына жіберілді.
1980 жылы диссертациясын қорғады.
1988 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің Қарағанды бөлімінің директоры болып тағайындалды.
Бірнеше рет ҚазСРО жоғары білім Министрлігінің грамоталарымен марапатталған.
Кадочников Юрий Максимович

1965 жылы еңбек жолын Қарағанды вагон депосының ӨТБ-інде аспапшы болып бастаған.
1965-1968 жылдары Кеңес Әскері қатарында борышын өтеген.
1970 жылы Теміржол аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды.
1971 жылы Целиноградтық темір жол транспорты техникумын бітірді.
1971-1997 жылдары Кеңес Әскері, Қазақстан Әскері қатарында қызмет еткен.
1975 жылы Алматылық жалпы әскер жоғары әскери училищені бітірді.
1997 жылы полковник шенінде денсаулығына байланысты отставкаға шығарылған.
Қазіргі күні зейнеткер.
Кистанов Сергей Павлович

1988-1990 жылдары – МНТК «Контакт» осы заманды басқару мектебінің директорының орынбасары. 1990 жылдан «Облыстық туристік клуб» қоғамдық бірлестігінің директоры. Су туризмі бойынша спорт шебері. 2001 жылдан – ҚР туристік сайыстық және спорттық туризм Республикалық федерациасының вице президенті.
«Кеңес милициясына 50 жыл» медалімен, «ҚР туризмінің құрметті қайраткері», «ҚР – да спортты дамыту бойынша белсенді жұмысы үшін», «Аренада туризм мен экскурсияны дамытқаны үшін» бегілерімен марапатталған.
Лепекоршев Андрей Леонидович

1990 жылы № 49 орта мектепті бітірді.
1995 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.
2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді.
1995 жылдан – «Трансметаллосбыт» фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры болып еңбек етеді.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Ли Андрей Радоликович

1992 жылы № 18 орта мектептің 9 сыныбын бітіріп Қарағанды тау-кен техникумына түсті.
1996 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне түсті.
1999 жылы Қарағандылық кәсіпкерлер ассоциациасына менеджер лауазымына жұмысқа енді.
2000-2002 жылдар аралығында Орталық Қазақстан кәсіпкерлері ассоциациасында бас менеджер және «Қарағанды қаласының кәсіпкерлер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директоры болды.
2002 жылдан – «Торнадо» ЖШС –сында жұмыс істеді.
2003 жылдан – «Қарағанды Жылу» ЖШС-сында, содан кейін «Расчетный сервисный центр» ЖШС-сында техникалық директоры.
Литвинов Виктор Иванович

1964 жылдан 1968 жыл аралығында бұрғы жабдықтары Оренбург зауытында, 1968 жылдан 1968 жыл аралығында Жаңа – Қарағанды машинақұрастыру зауытында тіскесуші болып жұмыс істеді.
1971 жылдан – Қарағанды мұнайбазасында автомеханик, 1973 жылдан – бас механик, «Қарағанды суқұрылыс» автобазасында бас инженер, 1979 жылдан – Қарағанды жүк тасымалдау автобасқармасының № 2 автокомбинатында экономика бойынша директордың орынбасары, 1982 жылдан – «Ертісөзекқұрылыс» автобазасының директоры, 1987 жылдан – «Агропромкөлік» автобірлестігінің бастығы. 1998 жылдан бүгінгі күнге дейін «Агротранссервис» автокөлік кәсіпорынының директоры.
«Ерең еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Марданов Төлеуғажы Марданұлы

Мектепті бітірген соң, 1959 жылдан Кулагино кентінің ЖТС-да слесарь, аудандық білім бөлімінің және колхоздың жүргізушісі болып жұмыс істеді.
1965-1970 жж. – Ташкент темір жол институтында оқу.
Институтты бітірген соң Қазақ темір жолына Қарағанды бөлімшесіне Қарағанды байланыс дистанциясына қызметке жіберілді.
1971 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін механикаландырылған горка бастығы.
Бірнеше рет аудандық Халық депутаттары Кеңесіне және қалалық мәслихатқа депутат болып сайланған.
«Еңбек ардагері» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.
Масанов Алімжан Қаркенұлы

1980 жылы орта мектепті бітірді.
1980 жылы Целиноградтық инженерлік-құрылыстық институтына түсті. Институтты бітірген соң Қарағанды темір конструкциялары зауытында инженер конструктор болып жұмыс істеді.
1989 жылы Кеңес Әскері қатарында борышын өтеп инженер конструктор, зауыттың конструкторлық бөлімінің бюро бастығы болып жұмысын жалғастырды.
1996 жылдан бүгінгі күнге дейін «Имсталькон» АҚ-ның темір конструкциялары зауытында жоспар-экономика бөлімінің бастығы.
Носкова Лариса Николаевна

Мектепті Өзбекстанда тәмамдаған.
1981 жылы Өскемен жол құрылысы институтын бітірді.
Петропавлоск-Камчатский-50 қаласындағы 90780 әскери бөлімшеге жолдамамен барады.
1991 жылдан 1995 жылға дейін «Энерготехкомплект» ӨКФ-де бас экономисты болып істеді.
1995 жылы Теміртауға сосын, Қарағандыға көшеді.
1995 жылдың қараша айынан бастап «Валют-транзит» жүйесінде салым операцияларының есепшілігінен банктың Директорлар Кеңесі төрағасы орынбасарлығына дейін көтеріледі.
Осин Шамиль Абзалетдинович

Жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1978 жылы Костенко атындағы шахтада жерасты электроаспапшысы болып бастады.
1982-1984 жылдары Кеңес Әскері қатарында борышын өтеген.
1984 жылдан 1991 жылға дейін мемлекеттік сауда жүйесінде жұмыс істеген.
1991 жылдан 1993 жылға дейін – құрылыстық кіші жеке кәсіпорын директорының орынбасары.
1993 жылдан 1999 жылға дейін – «Союзторгоборудование» акционерлік қоғамның президенті.
1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Шығыс» Сауда үйі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры
Оспанова Майра Мәжікенқызы

1966 жылдан Қарағанды облысының білім беру жүйесінде қызмет етеді (лаборант, аға пионержетекші, бастауыш сыныптар мұғалімі). 30 жылдан астам Қарағанды қаласының № 9 гимназиясында қызмет атқарды.
1973 жылы – Октябрь аудандық депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланды.
2002 жылдан № 77 мектеп және балабақша жалпы білім беру кешенінің директоры.
Еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрайымы.
«Еңбек ардагері» медалімен, «ҚазКСР» білім беру үздігі» белгісімен марапатталған.
Правдин Валерий Степанович

1965-1996 жж. – Шахтаарнайықұрылыс трестінің Қарағанды құрылыс шахтаөту басқармасында жұмыс істеді. Бұрғышы жұмыскерінен басқарма бас инженеріне дейін еңбек жолын өтті.
1996 жылдан 1997 жылға дейін Қарағандыоблжылуэнерго Кеңес жылу жүйелерінің бас инженері болды. 1997 жылдан 2000 жылға дейін қалалық мәслихат хатшысы болып сайланды. 2000 жылдан 2002 жылға дейін «Трансэнерго» ЖШС-ның «Көмірсервис» тексеру-жөндеу учаскесінің бастығы болды.
2002 жылдан бүгінгі күнге дейін «РиН-Сервис» ЖШС тексеру-жөндеу кәсіпорынының директоры болып қызмет етеді.
Подпальный Василий Викторович

1978 жылы № 1 орта мектепті бітіріп, Қарағанды политехникалық институна түсті.
1983 жылдан 1986 жылға дейін – Қарағанды жолаушылар тасымалдау өндірістік бірлестігінде пайдалану бөлімінің инженері.
Кәсіпорын жойылғаннан 1998 жылдан бастап «Рейс» мемлекеттік емес директорының жолаушылар көлігін пайдалану мәселелері бойынша орынбасары.
Прудников Юрий Борисович

1968 жылы № 33 орта мектепті бітіріп, Қарағанды политехникалық институтының кешкі бөліміне оқуға түсті.
1968 жылдан 1971 жылға дейін Пархоменко атындағы зауытта токарь болды, 1971 жылдан Костенко атындағы шахтасында бекітуші, учаске бастығы болды.
1988 жылы ҚР мемлекеттік қалалық техниканы бақылаудың Қарағанды округтік басқармасының, таукөлік бөліміне тексеруші инспекторлығына шақырылды.
«Северная», «Майқұдық», «Қарағанды», Костенко, Күзембаев атындағы, «Стаханов», «Байжанов» шахталардың жұмыс қауіпсіздік тексеріп отырды.
1998 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Трансэнерго» ЖШС-да бас директордың бірінші орынбасары болып қызмет етеді.
Разуваев Анатолий Яковлевич

1972-1983 жылдары № 2 ҚКТУ-де өндірістік оқу мастері болды. 1985-1992 жылдары № 20 ӨКТУ директоры болып істеді. 1992-1995 жылдары еңбек және кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі бас басқармасы басшысының орынбасары болды. 1995 жылдан - № 3 кәсіптік лицейдің директоры.
Қарағанды политехникалық институтын және Алматы қаласында Қазақ Бизнес Академиясын бітірді. «КСРО кәсібитехбілім үздігі», «КСРО МУП соцжарыс үздігі», «Кәсібитехбілім ардагері», көкірекше белгілермен, «Еңбек ардагері», «КСРО ШХЖК» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Сағындықов Кәкім Молдабекұлы

1967 жылы – Қазақ мемлекеттік С.М. Киров атындағы университетінің механико-математика факультетіне түскен.
1972-1975 жылдары ИВЦ «Қарағандыкөмір» және ВЦ Облстатуправленияда инженер болып қызмет жасады.
1975 жылдан бастап Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы.
ҚазМУ аспирантурасын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
30-дан астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 4 оқулықтың авторы.
1996 жылдан бастап ҚарМУ Компьютер орталығының бастығы.
Қазіргі уақытта Евразия университетінің математика және информациондық технология институты директорының орынбасары.
Селиванова Татьяна Алексеевна

1967 жылы Қарағанды политехникалық институтының кешкі бөлімін бітірді.
1968 жылдан «Қарағандышахтақұрылыс» комбинатының жүйесінде жұмыс істейді. 1997 жылы сынау орталығының бастығы болып тағайындалды.
1988 жылы Қарағанды қоғамдық Патенттеу институтын бітірді.
2000 жылдан 2004 жылға дейін – «Шахтаөту» ЖАҚ – ның сынау орталығының бастығы, 2004 жылдан – «Шахтақұрылыс» ЖШС – ның өндірістік-техникалық бөлімінің инженері.
Құрмет қағаздарымен, «Еңбек ардагері» медалімен, II, III дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталған.
Симонян Виктор Авакумович

1981 жылы № 21 ҚКТУ бітірді. Қарағанды жүк тасымалдау автобасқармасының № 2582 автоколоннасының жүргізушісі, Қарағанды облыстық арнайы шаруашылықтық бірлестігі автобазасының аспапшысы, Қарағанды өндірістік бірлестігінің электромонтеры болып жұмыс істеді.
1989 жылдан 1990 жылға дейін участік шебері, кооператип төрағасының орынбасары болды.
1990 жылы Қарағанды қаласы Совет ауданының аймақтық кооперативтер одағының президенті болып сайланған.
1996 жылдың шілдесінде «Апрель» АТАҚ-ның президенті болып сайланған.
2000 жылдан бүгінгі күнге дейін «фирма ВИК» ЖШС-тің директоры.
2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді.
Сүлейменов Ракомбед Темірбайұлы

1966 жылдан «Казэлектромонтаж» трестінің Павлодар монтаждық басқармасының электромонтажшысы.
1981 жылы Павлодар монтаж техникумын бітірді. Учаске шебері, сметалау-инженеры, өндірісті дайындау учаскесінің бастығы, өндірістік технологиялық жинақтау учаскесінің бастығы болып жұмыс істеді.
1987 жылы КСРО энергетика министрлігінің «Электросредазмонтаж» трестінің басқарма бастығы болып тағайындалды.
1992 жылы «Казэлектромонтаж» трестінің Павлодар монтаждық басқармасының бастығының орынбасары болып тағайындалды.
1996 жылы «Казэлектромонтаж» трестінің Қарағанды электротехникалық бұйымдары зауытының директоры болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
Хука Александр Александрович

1962 жылдан 1993 жылға дейін – жерасты кен-жұмыскері және механик болып Костенко атындағы шахтада жұмыс істеді.
Қарағанды кен-тау техникумын және Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1994 жылдан «Облжылукоммунэнерго» директорының орынбасары, 1998 жылдан – Қарағанды қаласы әкімінің аппаратының бас маманы.
1999 жылдың желтоқсанынан қазіргі күнге дейін – Қарағанды қаласының энергетикалық компаниясында жұмыс істейді.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Черепанова (Ковтун) Милла Давидовна

1969 жылдан 1979 жылға дейін № 88 орта мектепте оқу.
1979 жылдан 1985 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік дәрігерлік институтында оқу.
Институтта оқуын кардиология диспансерінің инфаркттық бөлімінде мидициналық бике жұмысымен үйлестірді.
1985 жылдан 1986 жылға дейін Саран қаласындағы № 1 аурухананың интернатурасын өтті.
1986 жылдан 1991 жылға дейін Саранда арнаулы жедел көмек көрсету бригадасында дәрігер болып істеді.
1991 жылдан 1994 жылға дейін Қарағанды қаласының жедел көмектің дәрігері болды.
1994 жылдан бастап ПК «Витановада» дәрігері.
Юзик Татьяна Андреевна

Қарағанды мемлекеттік мидициналық институтын бітірген.
1980 жылдан 1998 жылға дейін № 3 перзентхана (бүгінгі күні «Региональный акушерско-гинекологический центр» ААО), әйелдер консультациясында акушер-гинеколог, бас дәрігер болып жұмыс істеді.
1998 жылдан – Қазақстан Медико-Педагогикалық Ассоциациясының Қарағанды өкілдігінің президенті.
2001 жылы екінші жоғары білім алды.
«Региональный акушерско-геникологический центр» ашық акционерлік қоғамның бас дәрігері, жоғары біліктілік санатты дәрігер.
Последнее редактирование информации: 08 Февраля 2017 12:58