Қарағанды қалалық Мәслихаты
Официальный интернет-ресурс

V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары


    №15 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН ДЕПУТАТ
    СЫЗДЫҚОВА САЙРАН БИҒАЛИҚЫЗЫ


    1956 жылы 12 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген, ұлты - қазақ.
    №3 спорт мектеп-интернатын тәмамдады.
    1981 жылы «Материалды техникалық қамтамасыз етудің экономикасы және жоспарлауы» мамандығы бойынша ҚарМУ оқып бітірді. 1991 жылы «Құқықтану» (заңгер) мамандығы бойынша ҚарМУ Заңтану факультетін тәмамдады.
    Еңбек жолын 1973 жылы балалар ехманасында санитарлық қызметкер ретінде бастады.
    1974-1975 жж. – Қарағанды кондитерлік фабрикасының кәмпиттер цехінің жұмыскері.
    1976-1981 жж. – ҚарМУ студенті.
    1981-1994 жылдар аралығынла «Қарағандакөмірқұрылыс» трестінің өндірістік техникалық құрамдау басқармасында заң кеңесшісі қызметінде жұмыс атқарды.
    1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін «Қарқара-Орталық» ХСҮ-нің заң кеңесшісі.
    1995жылдан 1999 жылға дейін «Кең дала» Орталық Қазақстан тауарлық биржасының заң бөлімінің бастығы болып істеді.
    2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту қоры» ҚФ атқарушы директоры болып табылады.
    Қоғамдық  қызметін жастайынан бастады: топтың  старостасы, курстың партиялық топ ұйымдастырушысы, студенттік отряд командирі, Аудандық халық депутаттары кеңесінің депутаты, ӨТКБ партұйымдастырушысы. Бүгінгі таңда Қарағанды облысының Азаматтық альянс мүшесі (ҚОАА), облыс әкімінің жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, қаланың және облыстың түрлі комиссияларының құрамында.
    Марапаттаулары: Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасы (ҚР Президентінің 04.12.2009 жылғы Жарлығы), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астана қаласына 10-жыл», «ҚР Мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медаль, «ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне 10-жыл» төсбелгісі; Қарағанды облысы әкімінің, Қарағанды қаласы әкімінің құрмет грамотасы.
    «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
    V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты ретінде сайланды.
    Тұрмыста, қызы және үш немересі бар.
    VI шақырылған мәслихаттың 2016 жылғы 29-наурыздағы ұйымдық 1-сессиясында қаланың кәсіпкерлік қызметті дамыту және инвестициялық ахуал  мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы болып сайланды.

     



    Вернуться назад

Халық пiкiрi

Сізді қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) қызмет көрсету сапасы қанағаттандырады ма?
© 2007-2016 Ақпараттық портал Қарағанды қалалық мәслихаты
© 2017Сайтты әзірлеген және қолдау көрсеткен: Интернет-компания «Creatida»
Қарағанды қ., Бейбітшілік
бульвары, 39А
Сенім телефоны
8 7212 40 28 88
Электрондық пошта info@kargormaslihat.gov.kz